Ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен Өскемен, Семей, Аягөз, Зайсан, Риддер, Шемонаиха, Алтай, Серебрянск қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникацияларының электрондық карталары әзірленді.

Геопорталда ШҚО-ның 8 қаласы (Өскемен, Семей, Аягөз, Зайсан, Риддер, Шемонаиха, Алтай, Серебрянск) бойынша жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар, көше-жол желісі, инженерлік желілер, бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары цифрлық түрде орналастырылған.

Геопортал жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленді.

ГАЖ қабаттарының саны Бірыңғай талаптарға сәйкес 24 қабатты құрайды.

Осы электрондық карталар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жобасын жасау шеңберінде жария кадастрлық карталар үшін және жер қатынастары саласында электрондық форматта қызметтер көрсету үшін негіз болып табылады. Электрондық карталар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан филиалына берілді.

Геоақпараттық портал халыққа және бизнеске өтініш берушімен тікелей байланыссыз электрондық форматта техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, құжаттарды электрондық форматта ұсынуды қамтамасыз етеді.

Геопорталда жоғарыда көрсетілген қалаларда жергілікті атқарушы органдар аукционға қоятын жер учаскелері орналасқан «Аукциондар» модулі да бар. Бұл модуль цифрлық режимде жер туралы ақпаратты, электрондық картадағы кеңістіктік байланысымен оның орнын көруге, бастапқы құны мен ауданын көруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған геопорталда жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналасқан, ол анықтамалық режимде жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын есептеуге, сондай-ақ жер салығы мен жалдау ақысының құнын есептеуге мүмкіндік береді.